• Создать аккаунт
  • Войти

Слушать "«Шалқар» радиосы" онлайн

Қазақ халқының ұлттық, рухани құндылықтарын жан-жақты насихаттауды мақсат еткен «Шалқар» радиосы 1966 жылы 1 қаңтардан бастап әуе толқынына шықты. Алғашында ақпаратты-сазды болып ашылған арна кейіннен әр түрлі жанрлардағы бағдарламалармен өзінің қамтитын тақырыптар аясын кеңейтті. Оның ішінде, қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптарын, әдеби-музыка шығармаларды насихаттауға басым көңіл бөлінді.

Бүгінде заман ағымынан қарыс қалмауды мақсат тұтқан халықтың сүйікті радиосының хабарларын заманауи тех¬нологияның арқасында, енді толығымен бейне-онлайн режимде көріп, тың¬дау¬ға мүмкіндік туды. Елімізде ғана емес, шетелдердегі қандастарымыздың да сүйікті арнасына айналған «Шалқар» радиосы қазіргі таңда қазақтың шынайы ұлттық болмыс-бітімін, ұлттық нақышты айшықтарын насихаттауды мақсат тұтқан бірден бір арна болып табылады. Арнаның басты мақсаты – тыңдарман қауым бойында елге, жерге деген сүйіспеншілікті нығайту, отансүйгіштік қасиетті телу. Сондай-ақ, қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ғасырлар қойнауынан жеткен асыл қазыналарын – музыкасын, ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттау.

Категория: Казахстанское
Поток
Код
101 ролик
217 подписчиков
Хостинг в Казахстане
Рейтинг@Mail.ru
SSL certificates