• Создать аккаунт
  • Войти

Астанада Қазақстан дінтанушыларының ІІІ форумы болып өтті.

Добавлено 19 ноября 2013, с комментарием:
2013 жылдың 13 қараша күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен Қазақстан дінтанушыларының «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» атты Үшінші Форумы болып өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі қазақстандық дінтанушы ғалымдар, теологтар, орта мектептердің «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, діни бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, сөз сөйледі.

Қазақстан дінтанушыларының жыл сайынғы Форумы биыл пленарлық отырыстан басталып, онда Форумның негізгі тақырыбы талқыға салынды. Одан кейін төрт секциялық отырыс жалғасын тауып, онда зайырлы мемлекеттегі діни саясаттың маңызды мәселелері қозғалды.
Биыл тұңғыш рет Қазақстан дінтанушыларының форумында Дінтанушылар конгрессі құрмет грамоталарымен және жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары мен мектептердің «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдері естелік сыйлықтармен марапатталды.

Форумдағы басты оқиғалардың бірі -- «Е-Islam» ақпараттық-ағартушылық ғаламтор-порталының тұсаукесері болды. ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Марат Әзілханов бұл портал Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ислам ынтымақтастығы ұйымы мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің 38-ші отырысының қорытындылары бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында дайындалғанын айтты. «Е-Islam» ғаламтор-порталы көпшілік қазақстандық аудиторияға Қазақстандағы ислам туралы толыққанды ақпарат беруге арналған.

Одан кейін ҚР Дін істері агенттігінің Ақпараттық-консультативтік орталығы жанында қызмет ететін «Қауырт желі - 144» жобасының да таныстырылымы өтті. Бұл жоба Дін істері агенттігінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылды.

Жобаның мақсаты -- азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпараттарды қабылдау, сонымен бірге, деструктивті діни ағымдардың қызметінен зардап шеккендерге консультациялық және психологиялық көмек көрсету балып табылады. Азаматтар «Қауырт желінің» 114 нөміріне Қазақ
Категория: Новости, политика
Ссылка:
Код:
17 роликов
1 подписчик
Чтобы оставлять комментарии, вы должны быть авторизованы. Если у вас нет логина, то пройдите регистрацию.

Вы также можете зарегистрироваться и войти через социальную сеть на выбор:
Mail.ru, Facebook, Vkontakte, Одноклассники
Одноклассники
Хостинг в Казахстане
Рейтинг@Mail.ru
SSL certificates